Астана. BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Елбасы тапсырмасын орындау үшін қаржы секторын қалыпқа келтіру саясатын жалғастыра беретінін мәлім етті.
2019 жылдың 30-қаңтарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің алдына бірқатар нақты міндеттер қойған.
Осы орайда Ұлттық банк төрағасы қаржы секторын тұрақтандыру бойынша тиісті жүргізілетінін айтты.
«Елбасы тапсырмасын орындау үшін қаржы секторын қалыпқа келтіру саясатын жалғастыра береміз. Қадағалау бойынша халықаралық практиканы енгізуді жалғастырамыз. Оның ішінде тәуекелге бағдарланған яғни кредиттеуді арттыруда маңызды қадамдардың бірі кепілді кредиторлардың абсолютті басымдығы бойынша заңнамалық түзетулер бар. Оны заңға енгізу керек. Бұл түзетулер кредиторлардың кәсіпорын банкроттығына мүдделілігін арттырады, нақты секторды қалыпқа келтіреді, эконокамикалық айналымға кепіл мүлкін тартуға мүмкіндік береді», - деді Ақышев.
Осы орайда ол 2019 жылы Ұлттық банк екінші деңгейлі банк активтерінің сапасын жан-жақты бағалау жұмысына дайындықты бастайтынын, әрі бұл мәселені банктермен талқылауды бастағанын жеткізді.
Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы көлеңкелі экономикамен күресу шаралары жалғаса беретінін жеткізді.
«Төртінші, ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов атап өткендей, біз экономикадағы көлеңкелі айналыммен күрес шеңберінде қолма-қол ақшаны қолдануды шектеу бойынша қажет шараларды талқылауға дайынбыз», - деп түйіндеді сөзін Данияр Ақышев.
Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев отандық көліктерді «7-20-25» бағдарламасы үлгісінде несиеге беретін бағдарлама осы жылы іске қосылатынын жазғанбыз.