Ақын, журналист Серік Қалиев өмірден өтті

28 Сәуір 2023, 02:45
1808
Бөлісу:
Ақын, журналист Серік Қалиев өмірден өтті
Фото: zakon.kz

Белгілі ақын, журналист Серік Қалиев қайтыс болды. Бұл туралы журналист Ардақ Байғабыл әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін қазақ елінің ақыны, керемет тұлға, асыл ағам Серік Қалиев бақилық болды. Аллаһ рахымына алсын сізді, ағау. 30 күн оразасын ұстап, шәууаль айының 6 күндік оразасын түгендеп, Құптан намазына баражатқан жерінде жолда көлік қағып кетті, - деп жазды ол.

Серік Қалиев 1961 жылы 16 тамызда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. Айтыскер ақын. Ақынның Жұлдыз - сезім», «Ақ моншақ», «Егіздің сыңары», «Ашық хат» жыр жинақтары жарық көрген.

Өзгелердің жаңалығы