«Ақын жүрегіндегі Елорда» атты еске алу кеші өтті

27 Желтоқсан 2022, 12:40
1132
Бөлісу:
«Ақын жүрегіндегі Елорда» атты еске алу кеші өтті
PHOTO

Фариза Оңғарсынова атындағы 77-ші мектеп- гимназиясында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың өнегелі өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналған «АҚЫН ЖҮРЕГІНДЕГІ ЕЛОРДА» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ең алдымен ақын атындағы мектеп ұжымына, ұйымдастырушыларға көп рахмет айтамын! Қазақтың маңдайына біткен қасиар ақынын жоқтап, бүгінгі жас ұрпақтың есіне әр дайым салып отыру үшін де, осындағы шәкірттердің тұлғаға еліктеп өсуіне де бұл шараның маңызы зор, - деді Жыр дүлділіне арналған кеш тізгінін ұстаған ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Кәрімбек Құрманәлиев.

«Ақын жүрегіндегі Елорда» атты еске алу кеші өтті

Ақынын ардақтаған алқалы жиынға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Абдрахманов, Дархан Мыңбай, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері Бауыржан Омаров, Дихан, Амантай Шәріп, Еренғайып Сәліпұлы, сондай-ақ Фариза апайдың Оңайгүл Тұржан, Жанат Әскербекқызы сынды елге белгілі ақын сіңлілері қатысты.

«Ақын жүрегіндегі Елорда» атты еске алу кеші өтті

Еске алу кеші ақынның өміріне арналған шағын қойылыммен басталып, отты жырларын шәкірттер оқыды. Кеш соңы Ф. Оңғарсынованың көзін көрген ел ағаларының әдемі естеліктерімен аяқтады.

Өзгелердің жаңалығы