Ақылы жолдың ақысын уақытында төлемегендерге қанша теңге айыппұл салынады

9 Шілде 2024, 12:43
376
Бөлісу:
Ақылы жолдың ақысын уақытында төлемегендерге қанша теңге айыппұл салынады
Фото: Арман Мухатов - архив

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкіметте өткен брифингте ақылы жолдарды уақытында төлемегендерге қанша теңге айыппұл салынатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жүйеге сәйкес қазір ақылы жолдарды пайдаланғанда сізге бірден төлем ақысы келеді. Ол жақта шлагбаумдар жоқ. Сол төлемді көлік жүргізушісі екі аптаның ішінде төлемеген жағдайда ЕРАП жүйесі автоматты түрде айыппұл жібереді. Бұл Сергек жүйесіне ұқсас. ЕРАП-пен интеграция жасалған, - деді ол.

Айыппұл көлемі Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінде көзделген. Оның көлемі шамамен 5 АЕК (1 АЕК – 3 692 теңге).

Шетелдік көліктерге де дәл осындай айыппұл салынады. Сонымен бірге шетелдік көліктерді бақылау бойынша тағы екі қосымша құрал қарастырылған. Біріншісі, Көлік инспекциясы оларды тоқтатып, айыппұл салу арнайы алаңға алып барады. Екіншісі, елден шығатын кезде шетелдік көліктер электронды талон алуы керек. Бұл талон айыппұлы бар, ақылы жолдарды төлемеген көліктерге мүлдем берілмейді. Яғни елдің ішіне кірген көлік ақшасын төлемесе, елден шыға алмайды, - деп түсіндірді Марат Қарабаев.

Өзгелердің жаңалығы