Қазақстан-Қытай ақылды ауыл шаруашылығы орталығы 7 бағытта жұмыс істейді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
ҚазҰАЗУ ғылыми білім беру технологиялық платформасының атқарушы директоры Фараби Ермеков Қазақстан-Қытай ақылды ауыл шаруашылығы орталығының ерекшелігіне тоқталып өтті.
Орталықтың негізі қызметі ақылыды технологияларды ауыл шаруашылығына енгізу. Оны енгізудің бағыттары әртүрлі. Біз қазірдің өзінде 7 бағытты таңдап отырмыз. Ол өсімдік шаруашылығы, ауыру-сырқаттарын емдеу, су шаруашылығын тиімді пайдалану жолдары. Мына ақылды технологиялар осы секілді бағытта енгізуді жоспарланып отыр. Орталықтың негізгі кеңсесі ҚазҰАЗУ бас ғимаратында болса, құрамындағы зертханалары әртүрлі факультеттердің құрамында болады. Сондықтан біз барынша барлық мамандықтарға қарай негізінен ауыл шаруашылығын қамтимыз деген ойдамыз. Қамтудың екі жолы бар. Біріншіден, ақылды технологияларды білім беру процессіне енгізу. Сол арқылы ауыл шаруашылық мамандарын оқып жатқан жастарымызға ақылды технологияларды үйрету. Ал екінші бағыты - ғылыми-зерттеу жұмыстары. Осы технологияларын пайдалана отырып, еліміздегі ең негізігі мәселелерді Қытай ғалымдарымен бірлесе отырып шешуге бағыттаймыз,- дейді ҚазҰАЗУ ғылыми білім беру технологиялық платформасының атқарушы директоры.
Фараби Ермековтің айтуынша, орталықта білім алған студенттердің нәтижесі 4 жылда белгілі болатынын атап өтті.
Орталықтың негізінде білім алған студенттер 1-2 жылдың ішінде бастапқы деңгейде болады. Ал 4 жылда нағыз маман, ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын кадр пайда болады. Орталықтың алғашқы нәтижелері 4 жылда белгілі болады. Екі елдің студенттері білім алмасып қоймай, екі елдің ЖОО-на барып тәжірбие алмасады. Бірлескен ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі, - дейді Фараби Ермеков.
Ғылыми білім беру технологиялық платформасының атқарушы директоры орталықта қандай ғылыми, ақылды жобалар жүзеге асырылатынын атап өтті.
Бізде мынандай бір әдістеме бар. Біріншіден ауа-райының, температураның ылғалдылығын, көлемін анықтап және өсімлікке қажетті ылғалдың көлемін анықтай отырып күнделікті емес, әр сағат сайын су беріліп отырады. Мәселен, қашықтықтан суару технологиялары арқылы өсімдіктің жайын күнделікті қарап отырып, өсімдіктің даму барысын, оған не жетіспей жатқандығын, қандай қоректік заттар керектігін анықтайтын боламыз. Осылардың барлығы ақылды технологиялар негізінде жасалғандықтан шаруашылық жеңілдейтіндігі сөзсіз,- дейді Фараби Ермеков.