Ақтоты Райымқұлова шахматтан әлем чемпионы атанған Бибісараны құттықтады

31 Желтоқсан 2021, 14:19
1513
Бөлісу:
Ақтоты Райымқұлова шахматтан әлем чемпионы атанған Бибісараны құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова шахматтан әлем чемпионы атанған Бибісара Ерханқызын жеңісімен құттықтады. Министр тілегін Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

Құрметті, Бибісара Ерханқызы! Сіз әлем шахматы тарихындағы ең жас әлем чемпионы атандыңыз! Сізді тамаша жеңісіңізбен құттықтаймын! 17 жасыңызда Сіз блицте жеңімпаз атанып, ересектер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеттіңіз. Бұл Қазақстан тарихында алғаш рет болып отыр. Сіздің жеңістеріңіз үлкен таңданыс, құрмет және бүкілхалықтық махаббат тудырады! Сіз өз жетістіктеріңіз арқылы  Отаныңыз - Қазақстан Республикасының  даңқын асқақтаттыңыз! Сізге әлем біріншіліктерінде жаңа жеңістер тілеймін! Сізге мықты денсаулық, қуат, шыдамдылық тілеймін. Қазақтың даңқты қызының есімі әлем шахматының тарихына алтын әріптермен жазылсын, - деп жазады министр.

Өзгелердің жаңалығы