«Ақтөбенің» жаңа бас бапкері белгілі болды

Бөлісу:
«Ақтөбенің» жаңа бас бапкері белгілі болды
Фото: prosports.kz

«Ақтөбе» клубтың бас бапкері қызметіне Игорь Леоновтың тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Леонов — «Ақтөбенің» жаңа бас бапкері.

56 жастағы маман футболшы ретінде донецкілік «Шахтер» намысын қорғап, кеңестік Украинаның екі дүркін чемпионы атанған.

2006 жылы бапкерлік мансабын бастап, тап сол «Шахтер» жастар командасының тізгінін ұстайды. Кейіннен украиналық «Ильичевец», «Мариуполь», «Арсенал» (Киев), «Минай» және «Нива» (Винница) сияқты ұжымдарда бапкер қызметін атқарады. Леонов биылғы жылдың басынан бері «Ақтөбе» ФК футбол орталығында еңбек етті, - делінген клуб хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы