Ақтөбенің экологиялық жағдайын жақсартуға 1,1 трлн теңгенің жобасы іске асады

17 Мамыр 2023, 12:38
1042
Бөлісу:
Ақтөбенің экологиялық жағдайын жақсартуға 1,1 трлн теңгенің жобасы іске асады
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін Ералы Тоғжанов өңірде 7,3 мыңнан астам жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін 16 жоба іске асатынын айтқан еді.

70 млрд теңгеге теміржол кластерін құру жоспарланды. Оның аясында елімізде алғаш болаттың арнайы маркаларын шығаратын кәсіпорын бой көтереді. Зауыт шет елдерден жыл сайын 1 млрд долларға сатып алынатын арнайы болат дайындамаларын өндіруге және импортты алмастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ елімізде 800 метрлік жіксіз рельстер шығаратын алғашқы кәсіпорын («ПЗТМ LTD» ЖШС, 21,4 млрд теңге) және де Қазақстанның батыс өңірі аумағына жоғары технологиялық темір жол дөңгелектерін шығаратын зауыт («Ақтөбестил» ЖШС 168 млрд теңге) іске қосылады, - деді Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Сонымен қатар облыс әкімінің атап өтуінше, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту үшін ERG компаниясымен бірге құны 1,1 трлн теңгенің жобалары іске асады. 

Маңызды құжатта 1973 жылдан бастап Дөң тау-кен байыту комбинатында жиналған шламдарды қайта өңдеу, облыстың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын жалпы қуаттылығы 250 МВт болатын утилизациялық жарату станциясы және жел электр қондырғысын салу қарастырылған. Сондай-ақ компания «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» шахтасының екінші кезеңі іске асырылмақ,- деді Ералы Тоғжанов.

Өзгелердің жаңалығы