Ақтөбелік жас футболшы Арон Мұса қайтыс болды. Бұл туралы "Ақтөбе" футбол орталығының ресми аккаунты мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
QJ league турнирінде ойнайтын “Ақтөбе U-16” командасының ойыншысы, 15-жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Аронның отбасында үлкен қайғы орын алды. Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Аро #15 - сен біздің жүрегіміздесің!, - деп жазды ресми аккаунт инстаграм парақшасында.