Ақтөбелік құтқарушылар 4 адамды судан құтқарды

9 Шілде 2023, 11:02
817
Бөлісу:
Ақтөбелік құтқарушылар 4 адамды судан құтқарды
Фото: BAQ.KZ - архив

8 шілде күні Ақтөбе қаласы, «Тропикана» жағажай демалыс базасы ауданы, Елек өзенінде су көлігі катамаранды ағыс алып бара жатқаны туралы 112 құтқару қызметіне көмек керек екені бойынша хабарлама түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Катамаранда 3 адам болған.

Жедел құтқару жасағының құтқарушылары дереу құтқару жұмыстарына кірісті.

Құтқарушылар күшімен 14 жастағы екі жасөспірім және 20 жастағы азамат құтқарылып, катамаран ағыстан жағаға шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.

Әрі қарай құтқарушылар катамарандағы адамдарды құтқарып қайтып келе жатырған кезде, арғы беттен бергі бетке бір адамның жүзіп келе жатқанын байқап қалып, 25 жастағы ер адамды құтқарып қалады, - делінген баспасөз хабарламасында.

Ақтөбелік құтқарушылар су айдындарында күнделікті рейд кезінде демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Ақтөбе облысы ТЖД тұрғындарға мынадай ережелерді сақтау қажеттігін ескертті:

- егер сіз кішкентай балалармен бірге су қоймасында болсаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз, балаларға ересектерсіз суға кіруге рұқсат бермеңіз;

- тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;

- жүзу шекараларын белгілейтін қалтқылардың артында жүзбеңіз;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды;

-суға түспеңіз және қараңғы уақытта шомылмаңыз;


- суға алкогольдік немесе есірткілік маскүйінде кірмеңіз.

Өзгелердің жаңалығы