Ақтөбедегі жол апаты: Екінші оқушы да көз жұмды

6 Наурыз 2023, 11:16
1150
Бөлісу:
Ақтөбедегі жол апаты: Екінші оқушы да көз жұмды
Фото: Polisia.kz

Қазір ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы оқиға 4 наурыз күні кешке Ақтөбе облысы Шалқар елді мекенінде болды.  Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеген 9-сынып оқушысы рөлді басқара алмай, жол талғамайтын көлік аударылып кеткен. Салдарынан бір қыз оқиға орнында тіл тартпастан кетіп, төрт бала әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Апатқа ұшырағандардың барлығы Шалқар қаласының 9-сынып оқушылары.

Белгілі болғандай, 16 жастағы жасөспірімнің жағдайы өте ауыр болған. Дәрігерлер пациентке ашық бассүйек-ми жарақаты, миішілік қан кету, бассүйек негізінің сынуы деген ауыр диагноз қойған. Оқушы қыз комада болды. Өкінішке қарай, 5 наурыз сағат 18.30-да қайтыс болды. Дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінде хабарлады деп жазды "Мой город" порталы.

15 жастағы екі ұл бала Ақтөбедегі Ана мен Бала орталығына ауыстырылды. Олардың біреуінің сан сүйегі сынса, екіншісінің тізесі сынған. Екеуі де облыс орталығындағы дәрігерлердің бақылауында. Тағы бір ұл бала амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберілді. Оның қол-аяғы жеңіл жарақаттанған.

Ақтөбе облысы ПД хабарлауынша, 9- сынып оқушысы көлікті ағасынан рұқсатсыз алып кеткен. Қазір ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы