Ақтөбедегі жол апаты. 11 көлік соқтығысты

23 Ақпан 2023, 15:12
1060
Бөлісу:
Ақтөбедегі жол апаты. 11 көлік соқтығысты
VIDEO
Фото: скриншот

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан бірнеше автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ІІМ баспасөз қызметі Telegram-арнасындағы жарияланған мәліметіне сүйенсек, 23 ақпан Самара–Шымкент автожолында Маржанбұлақ ауылының маңында 11 автокөлік соқтығысып қалған. 

Оған ауа райы қолайсыздығына байланысты жолдың нашар көрінуі себеп болуы мүмкін. Зардап шеккендер жоқ.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты, маневр жасау ережелерін қатаң сақтау туралы ескертеді, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы