Ақтөбедегі газ құбырында апат болды

10 Қазан 2023, 02:48
898
Бөлісу:
Ақтөбедегі газ құбырында апат болды

Ақтөбеде тұрғын алабында 9 қазан күні кешке газ құбырын басқару стансасында апат болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

9 қазанда сағат 21:51-де «Береке» тұрғын алабындағы диспетчерлік пунктте газ жарылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аттанды.

Төтенше жағдайлар департаменті Ақтөбедегі газ құбырындағы апатқа қатысты түсінік берді.

Астана аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Ислам Ілеуовтің айтуынша, департамент қызметкерлері газдың шығуын анықтаған. Құтқарушылар газ беру клапанын жабу арқылы мәселені анықтады.

Өзгелердің жаңалығы