Ақтөбе облысында 23 ақпанда жұмысқа кеткен 47 жастағы әйел сол күйі үйіне оралмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері 25 ақпанда жедел-тергеу іс-шаралары кезінде 29 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Оның автокөлігінен пышақ жарақаты түрінде зорлықпен өлім белгілері бар жоғалған әйелдің мәйіті табылды.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды.