Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтөбеде жүк көліктері өртенді

27 Шілде 2025, 11:20
734
Бөлісу:
 Арман Мухатов  архив-
Фото: Арман Мухатов архив-

Ақтөбеде ЖШС аумағында жүк көліктері мен автокөлік дөңгелектері өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдеді.

Ақтөбе қаласындағы Курсантское тас жолы бойындағы ЖШС аумағында екі жүк көлігі мен автокөлік шиналарының жануы тіркелді. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 70 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деді ТЖМ өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы