Ақтөбеде жеті кәсіпкерді сан соқтырған күдікті ұсталды

26 Қаңтар 2024, 22:37
433
Бөлісу:
Ақтөбеде жеті кәсіпкерді сан соқтырған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде жеті кәсіпкерді сан соқтырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұсталған адам өзінің таныстарының арасынан төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алғысы келетіндерді іздеген. Ол кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы 5 млн теңгеге несие ресімдеуге көмек ұсынып және қызметі үшін жәбірленушілерден бір миллион теңгеден алған.

Салдарынан, жәбірленушілер ақшасыз және несиесіз қалды. Бүгінгі таңда 7 жәбірленуші анықталды. Жалпы шығын 7 млн теңгені құрайды. Күдікті ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы