Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтөбеде жедел жәрдемге жол бермегендер жазаланып жатыр

25 Шілде 2025, 04:18
686
Бөлісу:
 polisia.kz
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында жедел жәрдем көліктеріне жол бермеген жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері өңірде жарық және дыбыс сигналдарын қосып келе жатқан жедел жәрдем көліктеріне жол бермеген 6 жүргізушіге айыппұл салынған.

Соңғы оқиға 23 шілдеде тіркелді: Toyota Prado жүргізушісі арнайы шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігіне жол бермей, қозғалысты қиындатқан. Жол ережесін бұзғанын патрульдік полиция тіркеп, тиісті шара қолданған.

Әр минут маңызды. Уақтылы әрекет етпеу – адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін, - деді патрульдік полиция батальонының инспекторы Балтабек Қанатұлы.

Полиция арнайы көліктерге жол берудің адам өмірін сақтап қалуға көмектесетінін еске салып, барлық жүргізушілерді жолда жауапкершілік танытуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы