Ақтөбеде жаппай төбелесте бірнеше адам пышақ жарақатын алды

28 Мамыр 2024, 14:48
1732
Бөлісу:
Ақтөбеде жаппай төбелесте бірнеше адам пышақ жарақатын алды
VIDEO
Фото: BAQ.KZ -архив

Полицейлер төбелес қатысушыларын анықтап, ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
 

28 мамырда Ақтөбе қаласындағы Жедел медициналық көмек ауруханасына аяғының оқ және пышақ жарақаттарымен 18-22 жас аралығындағы облыстың бірнеше тұрғыны жеткізілді. Жеткізілгендердің бірі алынған пышақ жарақаттарынан реанимация бөлімшесінде қайтыс болды.

Полиция осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт азаматты «ізін суытпай» анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Адам өлтіру және бұзақылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қылмыстық істі тергеу барысы Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының жеке бақылауында.14:47

 

Өзгелердің жаңалығы