Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласында екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы көз жұмды.
Жол-көлік оқиғасы Ақтөбе қаласы Кеңес Нокин даңғылында болды. «Lada» автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, «Toyota Land Cruiser Prado» көлігімен соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы кезінде «Lada» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушы мерт болды.
Нокина даңғылымен келе жатқан Lada көлігінің 39 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Land Cruiser Prado көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан «Лада» көлігінің жүргізушісі мен оның жеке басы анықталмаған жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі дене жарақатымен жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.