Ақтөбеде 1 қаңтарда "102" телефонына "103" операторынан Сәңкібай батыр даңғылындағы үйдің ауласында адамға қоқыс жәшігі құлағаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жедел-тергеу тобы контейнерді тиеу кезінде КамАЗ көлігінің көтергіш механизмі бұзылып, металл қоқыс контейнері ЖШС-нің 38 жастағы қоқыс жинау қызметкеріне құлағанын анықтады.
Бірнеше сағаттан кейін әйел алған жарақаттарынан қаланың Көпсалалы облыстық ауруханасында қайтыс болды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігімен "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" сотқа дейінгі тергеу басталды.