Ақтөбеде түрме аумағынан өрт шықты

8 Қараша 2023, 02:25
463
Бөлісу:
Ақтөбеде түрме аумағынан өрт шықты
Фото: Артём Чурсинов

Ақтөбедегі №8 түзету мекемесінде жертөледегі қоқыс жанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облыстық ТЖД шақырту бөліміне сағат 18:37–де хабар түскен.

Онда Ақтөбе қаласы Астана ауданы Чекалин көшесіндегі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің № 8 түзету мекемесі аумағында қоқыс жанғаны туралы айтылған.

Бұл — бөлек тұрған ғимараттың жертөлесі. Қолданыста жоқ нысан. Өрт сөндірушілер өртті сағат 19:23-те сөндірді. Жанған аумақ — 50 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ, — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы