Ақтөбеде ЦОН-да жалған құжат жасаумен айналысқан ұйымдасқан топ ұсталды

ХҚҚО ішіндегі заңсыздық: Ақтөбеде жалған құжат жасаушылар әшкереленді.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 09:56
Бүгiн 2026, 09:56
227
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Ақтөбеде ХҚҚО ғимаратында заңсыз көші-қонды ұйымдастырған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында Ақтөбе қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында заңсыз делдалдық қызмет ұйымдастырған бір топ тұлғаның қылмыстық әрекетін әшкереледі.

Жедел деректерге сәйкес, олар өздері жалға алған бірнеше кабинетте шетел азаматтарын тіркеу саласында жалған құжаттарды пайдалана отырып, ақылы негізде делдалдық қызмет көрсеткен.

Қазіргі уақытта аталған тұлғалардың Орта Азия елдерінен келген шетел азаматтарына заңсыз құжат рәсімдеумен айналысқаны анықталды. Жалған құжаттарды дайындау, қолдан жасау және өткізу фактісі бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында күдіктілердің қылмыстық әрекеттерін құжаттандыруға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Арнайы ХҚКО-ның 5 қызметкері сотталды. 

Тағы оқи отырыңыздар:

ЦОН құжаттарды үйге жеткізеді: Бұл қалай жұмыс істейді?

Енді ЦОН-дағы дайын құжаттарды тәуліктің кез келген уақытында алып кетуге болады

Жүргізушілер «әдемі» нөмірлерді үйден шықпай-ақ таңдай алады

Наверх