Ақтөбеде су тасқынына қарсы штаб жұмысын бастады

16 Наурыз 2024, 22:48
418
Бөлісу:
Ақтөбеде су тасқынына қарсы штаб жұмысын бастады
Фото: baq.kz

Ақтөбеде бүгіннен бастап қалада су тасқынына қарсы штаб өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биылғы жылы көктемгі су тасқына қарсы іс-шараларға 140 ассенизатор машиналары, 80-нен астам ауыр техника. Оның ішінде бульдозерлер, крандар, экскаваторлар, тиегіштер, жүк тасымалдағыш самосвалдар және т.б. техникалар жұмылдырылатын болады.

Су тасқынына қарсы 4700 текше метр инертті материалдар дайындалды.

Су тасқынына қарсы штабқа келесі телефон нөмірлері арқылы тікелей хабарласуға болады:

41-09-27

41-15-29

+7708 511 7195

+7700 730 6096

Сондай-ақ 109 номеріне звондау керек. Су айдау немесе инертті материалдарды әкелу жөніндегі штабқа жүгінген азаматтарға көмек су тасқыны комиссиясы тексергеннен кейін көрсетілетін болады, - деп жазыд Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, көпқабатты үйлердің аула аумағының жай-күйіне үйлерге қызмет көрсететін оранизациялар жауап береді: ОСИ, КСК, ПТ, кондоминиум, басқарушы компаниялар, осы үйлердегі пәтер иелерімен бірлесіп қар мен судан аулаларын тазартулары керек.

Өзгелердің жаңалығы