Ақтөбеде сарбаздар жоғалған баланы тауып, ата-анасына тапсырды

21 Сәуір 2022, 09:23
1622
Бөлісу:
Ақтөбеде сарбаздар жоғалған баланы тауып, ата-анасына тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ақтөбе қаласындағы Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің 2 жедел мақсаттағы батальонының жауынгерлері 8 жастағы жоғалған баланы тауып, дін аман күйінде ата-анасына тапсырды.

Ақтөбе қаласының жедел  басқару орталығына қала тұрғынынан 8 жасар ұлының ойнауға шығып кетіп, үйіне оралмағандығы жөнінде ақпарат түседі.

Жедел ақпаратты қабылдаған Ақтөбе қаласындағы Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің 2 жедел мақсаттағы батальонының жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының әскери топ бастығы қатардағы Ерболат Зюадинов, қатардағы жауынгер Нуралиев А. және қатардағы жауынгер Сериккалиев А. бала жоғалған аймақты жіті тексеру барысында жоғалған жасөспірімді тауып, дін аман күйінде ата- анасына тапсырды. 

Өз кезегінде жоғалған баласымен қайта қауыштырғаны үшін ата- аналары әскери жасаққа шексіз алғысын білдірді.

Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің 2 жедел мақсаттағы батальон жауынгерлерінің жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған баланы табу жағдайы бұған дейін де жиі тіркелді.Жауынгерлердің қызмет барысында осындай жақсы жетістіктерге қол жеткізуі үшін олармен нұсқамалық дайындық сабақтары жиі өткізіліп тұрады,- дейді Ақтөбе қаласындағы Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің 2 жедел мақсаттағы батальон командирінің орынбасары капитан Нияз Садвакасов.

Айта кету керек, Ұлттық ұлан жауынгерлері осындай жауапты қызметтерінің арқасында кезекті рет халыққа қол ұшын беруге дайын екендіктерін дәлелдеп отыр.

 

Өзгелердің жаңалығы