Ақтөбеде «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтеді

2 Желтоқсан 2022, 09:21
679
Бөлісу:
Ақтөбеде «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтеді

Бүгін Ақтөбе қаласында «Сайлау қорытындысы: Қазақстанның даму бағыты» атты «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шараны ұйымдастырушы – ҚР  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ.

Президенттік сайлаудың қорытындысын талқылау мақсатында іс-шараға саясаттанушылар, қоғам белсенділері және ҚҚДИ сарапшылары қатысады.

Модератор: «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ сарапшысы Бейсенбаев Олжас Түсіпбекұлы.

БАҚ өкілдері эксперттік талқылауға тыңдаушы ретінде қатыса алады. 

Аккредиттеу сұрақтары бойынша 8-771-123-30-30 нөміріне хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы