Ақтөбеде «Қазақстанның ауыл әйелдерінің облыстық форумының» өңірлік кездесуі өтті

14 Шілде 2023, 19:18
855
Бөлісу:
Ақтөбеде «Қазақстанның ауыл әйелдерінің облыстық форумының» өңірлік кездесуі өтті
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбеде Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының 300-ден астам өкілдерін біріктірген «Қазақстанның ауыл әйелдерінің облыстық форумының» өңірлік кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың қатарында өз ісін ашқысы немесе дамытқысы келетін қалалар мен аудандардан келген жас кәсіпкерлер мен жұмыссыз әйелдер бар. Бейнеконференц-байланыс режимінде іс-шараға облыс әкімдерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика министрліктерінің, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. 

Ақтөбе өңірінде барлық салаларда әйел азаматтар белсенді. Мемлекеттік саясат пен көрсетіліп жатқан қолдау шараларының арқасында өңірдегі кәсіпкер әйелдер саны артып келеді. Ел Президетінің тапсырмасына сәйкес, өңірде сәтті жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы аясында мыңдаған ауыл тұрғыны өз ісін ашып, отбасыларын тұрақты табыспен қамтамасыз етуде. Жобаны іске асыру басталғалы бері Ақтөбе облысының 5 ауылында жұмыссыздық толығымен жойылды. Бүгінгі күні 53 әйел тауарлық несие алса, 263 қыз-келіншек 2,5 пайызбен 1,1 млрд. теңге көлемінде қаржылай несие алып, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр, - деді Ералы Тоғжанов. 

Ақтөбеде «Қазақстанның ауыл әйелдерінің облыстық форумының» өңірлік кездесуі өтті

Қазақстан ауыл әйелдерінің форумы алтыншы жыл бойы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және ауыл тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамту арқылы ауылдың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту жолдарын іздестіріп, бастамаларды талқылауға алаң ұсынып келеді. Осы уақыт ішінде 10 мыңнан астам әйел өз ұсыныстарымен бөлісіп, жаңа білім мен іскерлік байланыстарға ие болды, ауылды тұрақты дамыту бойынша өз жобалары мен ұсыныстарына қолдау тапты. 

Форумның негізгі міндеттеріне жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, жергілікті өзін-өзі басқару құралдарын дамыту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, сондай-ақ 2030 тұрақты даму мақсаттарына жергілікті деңгейде қол жеткізу мәселелерін талқылау кіреді, -  деді «Қазақстан ауыл әйелдері форумы» ұйымдастыру комитетінің төрайымы Майра Айсина. 

Форум барысында облыс әкімі «Ауыл аманаты» жобасы бойынша Алға, Қарғалы, Байғанин, Темір, Хромтау аудандарында тұратын 5 әйелге тауарлық несие сертификаттары табысталды. 

Өзгелердің жаңалығы