Ақтөбеде полиция бопсалаушыларды ұстады

29 Қыркүйек 2023, 19:10
571
Бөлісу:
Ақтөбеде полиция бопсалаушыларды ұстады
Фото: Арман Мухатов - архив

26 қыркүйек ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі 25 жастағы ақтөбелік жігітті ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар қала тұрғындарынан 2 млн теңгеге жуық ақша қаражатын ашық түрде тартып алған және бопсалаумен айналысқан. 

Сонымен қатар күдіктілер екі 22 жастағы жәбірленушілерді жалдамалы пәтерде ұстап, қысым көрсетіп қорқытқан.

ҚК 191-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы