Ақтөбеде Ойыл өзені тасып, тұрғындар эвакуацияланды

18 Наурыз 2023, 07:33
1111
Бөлісу:
Ақтөбеде Ойыл өзені тасып, тұрғындар эвакуацияланды
Фото: sn.kz

Тасқын судың қысымы мен Ойыл өзені деңгейінің күрт көтерілуінен Ойыл ауданы Қаратал ауылының айналасына қойылған құмнан жасалған қорғаныш үйінді елді мекеннің батыс бөлігінен келген суға төтеп бере алмады, нәтижесінде үйіндіні су шайды. Осыдан ауылды су басу қаупі туындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен облыстық ТЖД бастығы барды.
  
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар тұрғындарды Қаратал ауылындағы мектепке эвакуациялау, сондай-ақ шайылған үйінді аумағын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
 
Ақтөбе қаласы мен жақын аудандардан ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы