Ақтөбеде өрттан әйел мен бала зардап шегіп, бір бала құтқарылды

1 Наурыз 2024, 11:31
1501
Бөлісу:
Ақтөбеде өрттан әйел мен бала зардап шегіп, бір бала құтқарылды
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

1 наурыз күні сағат 8:20-да Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында жеке тұрғын үй алқабында ауданы 144 шаршы метр өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт сөндірушілер 2019 жылы туған ұл баланы құтқарды. Өрттен зардап шеккен 1997 жылы туған әйел мен бала ауруханаға жатқызылды.

Өрт 09-20-да толығымен сөндірілді.Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамынан 7 өрт сөндіруші мен 2 техника жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы