Ақтөбе облысында тоғызыншы сынып оқушысы жұмбақ жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай Шалқар ауданына қарасты Айшуақ ауданында орын алған.
Белгілі болғандай, оқушы қайтыс боларының алдында 11-сынып оқушыларымен жүрген. Полиция қызметкерлері оқушы өлімінің себебін тексеріп жатыр.
Қайтыс болған оқушының жүрегінде ақау болған, ол есепте тұрған. Кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі тергеу аясында өзге мәліметтер жария етілмейді, - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.