Ақтөбеде офицер тұрғын үйдегі өртті сөндіруге көмектесті

11 Қыркүйек 2022, 16:20
917
Бөлісу:
Ақтөбеде офицер тұрғын үйдегі өртті сөндіруге көмектесті

Ақтөбеде Ұлттық ұландық офицер тұрғын үйдегі өртті сөндіруге көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі аға лейтенант Әсет Кәкімов қызметтен бос уақытында тұрғындарды өрттен аман сақтап қалуға көмектескен.

Оқиға 10 қыркүйекке қараған түні орын алады. Аға лейтенант А. Кәкімов көрші үйдің кіреберіс терезелерінен көтерілген қара түтіннің бұлттарын байқаған. Ол тез арада өрт сөндірушілерді шақырып, баспалдақтары өртті өз күшімен сөндіре бастады. Тұрғындарды оятып, өрт туралы хабарлады.

Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін тәртіп сақшысы өрттің жақын маңдағы үйлерге таралуына жол бермеген.

Мен қызметтен кейін үйде болдым. Кенеттен үйдегі терезеден қарама-қарсы көрші үйде өрт шыққанын байқадым. Өрт үйдің баспалдағынан шыққан. Бір минутты босқа өткізбей, өрт тұтанған жерге жүгіріп барып, ең алдымен осы үйдің барлық тұрғындарын ояттып және қол астындағы құрал саймандармен өртті сөндіруге кірістім. Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмекке келу – әрбір азаматтың борышы, – деді сс"дейді Ұлттық ұлан офицері.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндірді. Өрттің себебі анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы