Ақтөбеде мейрамхана өртеніп, 40 адам эвакуацияланды

7 тамыз күні сағат 12:16-да 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Астана ауданының Ағайынды Жұбановтар көшесінде орналасқан Alefun мейрамханасында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ баспасөз қызметі 7 Тамыз 2023 2023, 22:16
7 Тамыз 2023 2023, 22:16
1230
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

7 тамыз күні сағат 12:16-да 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Астана ауданының Ағайынды Жұбановтар көшесінде орналасқан Alefun мейрамханасында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

№ 2 шақырту рангі жарияланды. Өртті сөндіруге 48 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылды. Шақырту орнына барған кезде мейрамхананың шатыры өртеніп жатқаны анықталды, - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер өрттің басқа ғимараттар мен үйлерге таралуына жол бермеді.

Мейрамхана жанында орналасқан балабақшадан 40 адам, оның ішінде 35 бала эвакуацияланған.

Өрттің аумағы 280 шаршы метрді құрады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 13:06-да сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Наверх