Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты: 35 адам эвакуацияланды

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 22:53
Бүгiн 2026, 22:53
106
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Ақтөбе қаласындағы 11-шағынауданда орналасқан он қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Төтенше жағдай 4-қабаттағы пәтердің балконында болған.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына келген құтқарушылар балконның жанғанын анықтап, өртті оқшаулау жұмыстарын дереу бастаған. Өрттің жалпы аумағы шамамен 5 шаршы метрді құрады.

Құтқарушылар баспалдақ арқылы 35 тұрғынды, оның ішінде 10 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Өрт толық сөндіріліп, оның өзге пәтерлерге таралуына жол берілген жоқ.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды, электр құрылғыларын және ашық от көздерін қараусыз қалдырмауды ескертті.

Наверх