Ақтөбеде көпқабатты үй өртеніп, 44 адам эвакуацияланды

13 Тамыз 2023, 16:36
627
Бөлісу:
Ақтөбеде көпқабатты үй өртеніп, 44 адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін сағат 13:22-де 101 пультіне Ақтөбе қаласының Жаманқұлов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші қабаттағы пәтерде үй заттары өртенген.

Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндіруге және тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Барлау жүргізу кезінде өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында құтқару қалпақтарының көмегімен 4 адам құтқарылды. Сонымен қатар баспалдақ маршы арқылы 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды, - делінген хабарламада.

20 шаршы метрді шарпыған өрт сағат 13.47-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы ТЖ департаментінің 26 өрт сөндіруші мен 6 бірлік техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, өрт орнына Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы барды.

Өзгелердің жаңалығы