Ақтөбеде көпбалалы әке үйінің шатырында есірткінің үлкен партиясын сақтаған

25 Қыркүйек 2023, 21:29
1186
Бөлісу:
Ақтөбеде көпбалалы әке үйінің шатырында есірткінің үлкен партиясын сақтаған
Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысында көпбалалы әке үйінің шатырында есірткінің үлкен партиясын сақтаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

21 қыркүйек күні Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, “Қарасора – 2023” жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қызметтік итті қолдана отырып, есірткіге масаң күйдегі ер адамды ұстады.

Ұсталған 45 жастағы ер адамды тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде үйінің шатырынан ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заттары салынған бір қап табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 23 келі 500 гр марихуана есірткі құралы екені белгілі болды.

Осы факті бойынша ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бұл ретте күдіктінің алты кәмелетке толмаған баласының бар екені анықталды.

Өзгелердің жаңалығы