Ақтөбеде көлігін сатуға кеткен әйел өлі табылды

15 Маусым 2024, 21:17
615
Бөлісу:
Ақтөбеде көлігін сатуға кеткен әйел өлі табылды

Ақтөбе қаласында базарға көлігін сатуға апарған келіншекті өлтіріп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық полиция депаратементі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 9 маусымда 55 жастағы әйел өз көлігін сату үшін автокөлік базарына барған. Бірақ үйіне қайтып келмеген. Туыстары бірден полицияға хабар берген.

Бұл хабарлама бойынша жеке құрам шұғыл көтеріліп, жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Күдікті ізін суытпай ұсталды. Оның тұрғылықты жерінің гаражынан ұрланған автокөлік тәркіленді. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, – дейді полицейлер.

Ал хабар-ошарсыз кеткен әйелдің мәйіті қала маңынан табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99, 192-баптары (кісі өлтірумен ұштасқан қарақшылық шабуыл) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Өзгелердің жаңалығы