Ақтөбеде инфекциялық госпитальдар жабылды

18 Наурыз 2022, 23:40
1916
Бөлісу:
Ақтөбеде инфекциялық госпитальдар жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде эпидахуал жақсарып келеді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ақтөбеде науқастарды емдеуге арнайы ашылған 21 госпитальдің барлығы жұмысын тоқтатқан. Вирус жұқтырғандарды өңірдегі инфекциялық аурухана қабылдап жатыр. Қазір мұнда 15 адам ем алуда. Өткен тәулікте аймақта вирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ.

 Жалпы жыл басынан бері 9 мыңға жуық адам ауырған, олардың басым көпшілігі қаңтар мен ақпан айының алғашқы екі аптасына тиесілі. Дәрігерлер бұл аурудың жеңіл түрде өтуі мен дер кезінде вакцина салдырудың нәтижесі дейді. Бүгінге дейін облыс тұрғындарының 76 проценттен астамы екпе салдырған. 

Десек те, облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар «дерт әлі жойылып кеткен жоқ. Сондықтан әр ауданда кереуеттер қорын қалдырып отырмыз» дейді. 

Эпидемиологиялық ахуал-жағдайдың тұрақталуына байланысты 13 ауданда бір бір керуеттен қалдырып отырмыз. Неге десеңіз бұл дерт әлі жойылып кеткен жоқ. Ақтөбе қаласы бойынша облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 45 керует жұмыс жасауда. Оның ішінде төртеуі реанимациялық, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Бақыт Түлкібаева.

Өзгелердің жаңалығы