Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13-23 маусым аралығында Ақтөбеде "Владимир Дворковичтің мемориалы - Aktobe Open 2022" Халықаралық шахмат фестивалі өтті. Ең ірі шахмат додасының жүлде қоры 13 600 000 теңгені құрайды.
Сайыс Қазақстан шахмат федерациясы, Мәдениет және спорт министрлігі, жергілікті әкімдіктер, сондай-ақ спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Фестивальде елімізден басқа Өзбекстан, Ресей, Украина, Грузия, Оңтүстік Корея елдерінен келген шахматшылар бақ сынасты.
Турнирге 11 халықаралық гроссмейстер, 21 халықаралық спорт шебері қатысып, додаға түсті. Кіл мықтылармен сайысқа түсу жергілікті спортшылар үшін мол тәжірибе болды. Отандасымыз Жандос Агманов қарсыластарын ойсырата жеңіп, жүлдегер атанды.
Сонымен, жеңімпаздар тізімі:
1 орын: Агманов Жандос
2 орын: Понкратов Павел
3 орын: Вахидов Джахонгир
Әйелдер арасында үздіктер:
1 орын: Балабаева Ксения
2 орын: Нургали Назерке
3 орын: Даулетова Гульмира
Ардагерлер арасында үздіктер:
1 орын: Бекентаев Уран
2 орын: Анкудинова Елена
3 орын: Баймурзин Айтказы
14 жасқа дейінгі ашық турнирде жас спортшыларымыз жақсы ойын көрсетіп, жүлделі орындар иеленді.
1 орын: Мейрханулы Акылжан
2 орын: Беристенов Каир
3 орын: Петухов Алан
Айта кетерлігі, отандық шахматшылар өз санатын растау немесе арттыру үшін әрдайым шетелде өтетін танымал турнирлерге баруға мәжбүр. Ал шетелге шығу мол қаражатты талап етеді. Жоғарыда аталған халықаралық фестивальдің Қазақстандағы шахмат спорты үшін маңызы зор. Фестивальге қатысқан шахмат шеберлері мен гроссмейстерлері өз нормативтерін орындап, халықаралық турнир аясында тәжірибе жинай алады.
Қазақстан шахмат федерациясы болашақта елімізде өтетін халықаралық турнирлер санын арттыруды жоспарлап отыр. Осылайша отандық шахматшылар үшін үлкен мүмкіндіктер ашылмақ.
Фестивальге Халықаралық Шахмат федерациясының (FIDE) Президенті Аркадий Дворкович қатысып, турнирдің ұйымдастырылуын жоғары бағалады.
Турнирді ұйымдастыруға атсалысқан келесі тұлғаларға алғыс білдіреміз:
1. Ақтөбе облысының әкіміне - Оразалин Оңдасын Сейілұлына
2. Ақтөбе қаласының әкімі - Шахаров Асхат Берлешевичке
Сондай-ақ, Қазақстан шахмат спортының дамуына қомақты үлес қосқаны үшін Ақтөбе Мыс компаниясына алғыс айтамыз.