Қаңтар айының басында Ақтөбедегі пәтерден ірікөлемде ақша ұрланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдіктілер пәтерге пластикалық терезе арқылы кіріп, 10 млн теңгені қолды қылған.
Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері төрт күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеп-тексеру барысында ұрыларға жәбірленушінің туысы көмек көрсеткені анықталды. Ол күдіктілерге туысының пәтерінде қолма қол ақша бар екенін айтқан. Ұрланған ақшаны күдіктілер өз қажеттіліктеріне жұмсаған, несиелерін төлеп, ойын-сауық орындарына барған.
Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.