Ақтөбеде екі үйді тонап, көлік ұрламақ болған күдікті қылмыс үстінде қолға түсті

Ақтөбеде жер үйлерден ұрлық жасаған күдікті оқиға орнында ұсталды.

 видеодан скриншот Кеше 2026, 20:51
Кеше 2026, 20:51
105
Фото: видеодан скриншот

Ақтөбе қаласындағы Оңтүстік Батыс ауданында екі бірдей ұрлық оқиғасы тіркелді. Жас жігіт таңғы сағат 6.30 шамасында қатар тұрған екі жер үйге жасырын кіріп, үй иелерінің мүлкін ұрлаған.

Атап айтқанда, күдікті алғашқы үйден ақша салынған барсетка мен «Kia Sportage», автокөліктің кілтін ұрлап, автокөлікті айдап әкетпен болған.  Әрі қарай ол сол үйге көрші тұрған екінші үйдің гаражына жасырын кіріп, құны 150 мың теңге тұратын дәнекерлеу аппаратын ұрлаған.

Үй иелерінің бірі ұрыны байқап қалып, оны өз күшімен ұстауға тырысып, дереу полиция шақырған. Оқиға орнында ұсталған күдіктіні полиция уақытша ұстау изоляторына қамады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұсталған жігіт кінәсін мойындады. Қылмыс жасаған сәтінде ақтөбеліктің алкогольдік мас күйде болғаны анықталды. Ұрлық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, бұған дейін Астанада VIP-нөмір алып беремін деген «көмекші» ұсталды. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Polisia AQTOBE (@polisia_aqtobe)

Наверх