Ақтөбеде екі бірдей адамды өлім құштырған күдікті абақтыда көз жұмды

1 Мамыр 2023, 12:23
861
Бөлісу:
Ақтөбеде екі бірдей адамды өлім құштырған күдікті абақтыда көз жұмды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Ақтөбе қаласында бір отбасыны ойрандап кеткен күдікті тергеу изоляторында өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап.

Еске салсақ, 2023 жылғы 29 наурызда Ақтөбедегі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде 35 жастағы әйел мен оның 16 жасар ұлы өлі табылған болатын. Ал марқұм әйелдің 13 жастағы қызы ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабының 3-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Белгілі болғандай 11 сәуірде Ақтөбеде екі бірдей кісіні өлтірді деген күдікті ұсталды. Тәртіп сақшылары қылмысын мойындаған 23 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтап, ер адам қамауға алынды.

Бүгін кісі өлтірді деген күдікті азаматтың тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.

Күдіктіні түнде мекеме қызметкерлері анықтады. Кезекші ауысым дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қолданылған шараларға қарамастан тергеудегі адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы тергеу жүргізіліп жатқан адамның өлімін растады, - делінген ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарламасында.

Айта кетейік, ведомствоның ақпаратына сәйкес, оқиға 29 сәуірде болған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Оқиға ТЖҚБ тіркелді, ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұдан бөлек қазір Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері «ішкі аудит тағайындап, оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолданылатынын» мәлім етті.

Өзгелердің жаңалығы