Ақтөбеде барлық үйге жылу берілді

8 Қаңтар 2023, 14:17
965
Бөлісу:
Ақтөбеде барлық үйге жылу берілді

Қабылданған жедел тиісті шаралардан кейін барлық үйге жылу лезде толық көлемде берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7 қаңтарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап, Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы мен М.Оспанов көшесінде орналасқан бірқатар көппәтерлі тұрғын үйлерде уақытша шектеулер енгізілді. 

Айта кету керек, ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе қаласындағы тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындары мен ұйымдарында қосалқы апаттық-қалпына келтіру жасақтарының дайындығы жоғары, олар төтенше жағдайларда қолданылатын механизмдермен және материалдармен қамтамасыз етілген.

 Жылу, электр, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау сияқты негізгі көздер, сондай-ақ Ақтөбе қаласының жылу желілері штаттық режімде жұмыс істеуде және жағдай жергілікті мемлекеттік органдарының тұрақты бақылауында болады.

Өзгелердің жаңалығы