Ақтөбеде әйелге қарақшылық шабуыл жасаған жігіттер ұсталды

17 Тамыз 2023, 22:18
516
Бөлісу:
Ақтөбеде әйелге қарақшылық шабуыл жасаған жігіттер ұсталды
Фото: Арман Мухатов

Ақтөбеде әйел адамды тонап кеткен екі жігіт ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

17 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері Ақтөбе облысындағы әріптестерімен бірлесіп, 16 тамыз күні 1995 жылы туған әйелге қатысты қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе қаласында 2002 және 2003 жылы туған БҚО-ның екі тұрғынын ұстады. Оның бірін Зашаған кентінде, екіншісін Ақжайық ауданында құрықтаған, - делінген хабарламада.

Мәліметке сай, қарақшылар әйел адамның 2000 АҚШ доллар ақшасын және 3 ұялы телефонын, Air Pods құлаққабын ұрлап кеткен.

Ұрланған ақшалай заттар, 1 ұялы телефон және Air Pods құлаққабы тәркіленді. Тергеу жұмыстары басталды.

Өзгелердің жаңалығы