Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтөбеде әйел мен үш баланың мәйіті табылды

Бөлісу:
 gov.kz
VIDEO
Фото: gov.kz

Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен 1993 жылы туған әйелдің және оның үш кәмелетке толмаған баласының мәйіттері табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ақтөбе қаласының Алматы ауданында жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел адам мен үш кәмелетке толмаған баланың мүрделері табылды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан табиғи газдан улану нәтижесінде орын алуы мүмкін.

2026 жылғы 9 ақпан күні шамамен сағат 12:00-де Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен 1993 жылы туған әйелдің және оның үш кәмелетке толмаған баласының мәйіттері табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиғаның себебі табиғи газбен улану болуы мүмкін. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізілуде. Түпкілікті қорытынды сараптамалардың нәтижелері бойынша жасалатын болады, - деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Әсет Қалиев.

Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайлары анықталуда. 

Жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет басқарады. Комиссия уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, тексеру жүргізіп, тергеу қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдайды. Қазіргі уақытта құзырлы органдар тарапынан тергеу амалдары басталды. Ақтөбе облысының әкімдігі марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетіліп, сондай-ақ қажетті материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетілетін болады, - деп хабарлады Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі Рүстем Өтешов. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысындағы қыстаудан бала мен ересектердің мәйіті табылған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы