Ақтөбеде автобус пен КамАЗ соқтығысып, екі адам қаза тапты

18 Желтоқсан 2021, 13:10
1097
Бөлісу:
Ақтөбеде автобус пен КамАЗ соқтығысып, екі адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында 12 адам отырған вахталық автобус КамАЗ-бен соқтығысты, деп хабарлайды өңірлік ПД баспасөз қызметі.

Полицейлердің мәліметінше, Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласына жақын маңдағы "Покровка-Жаңажол" тасжолында жол-көлік оқиғасы болған.

Оқиға 17 желтоқсанда сағат 18:45-те болған. 

Мұнай компаниясына тиесілі "ПАЗ" маркалы автокөлігінің 59 жастағы жүргізушісі (вахта, салонда 12 адам болған) Жарқамыс аулынан Ақтөбе бағытында облыстық маңызы бар "Покровка-Жаңажол" автожолының 13-шақырымында жүріп бара жатып, қозғалысқа кедергі мен қауіп туындаған кезде жылдамдықты төмендету шараларын қабылдамай, жол бойында тұрған "КАМАЗ" маркалы автокөлікпен соқтығысты, - делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, үшеуі Қандыағаш қаласының орталық ауруханасына түрлі жарақатпен жатқызылды. Оқиға дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы