Ақтөбеде асық атудан Қазақстан кубогы басталды

30 Қазан 2023, 16:47
708
Бөлісу:
Ақтөбеде асық атудан Қазақстан кубогы басталды
PHOTO
Фото: Асық ату федерациясы

2023 жылғы 30 қазан күні Ақтөбе қаласында Асық атудан ересектер арасында Қазақстан кубогы басталды. Ол 1 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана, Шымкент, Ақтөбе қалалары мен Қостанай, Павлодар, Ұлытау, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарынан жиналған 100-ден аса спортшы сайысқа түседі. Ерлер – Асық атудан жарысса, әйелдер Бес асықтан бақ сынайды.

Ақтөбеде асық атудан Қазақстан кубогы басталды

Дүбірлі доданың ашылу салтанатына ҚР Асық ату федерациясының президенті Аслан Сұлтанов пен ҚР Асық ату федерациясының атқарушы директоры Жомарт Сабыржанов қатысты.

Федерация ұлттық спортты дамытуға күш салып келеді. Жеке өз басым жаңадан сайланған басшы ретінде осы істі зерттеп-зерделеп, жан-жақты жұмыс жүргізуге кірісіп кеттім. Алдағы уақытта, яғни биылғы жылдың соңына дейін және келесі жылы іске асыратын нақты жобаларымыз бар. Ал бүгінгі жарысқа қатысатын барлық спортшыға сәттілік тілеймін, - дейді Асық ату федерациясының президенті Аслан Сұлтанов.

Ақтөбеде асық атудан Қазақстан кубогы басталды

Қазақстан кубогындағы жеңімпаз командалар үшін қаржылай сыйақы қарастырылған.

Сонымен қатар, жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Туризм және Спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің кубогымен, дипломдарымен және медальдарымен марапатталады.

Ақтөбеде асық атудан Қазақстан кубогы басталды
Өзгелердің жаңалығы