Ақтөбе облысында бір жылда 300-ге жуық көше атауы өзгерді

15 Қаңтар 2019, 16:49
4002
Бөлісу:
Ақтөбе облысында бір жылда 300-ге жуық көше атауы өзгерді

Ақтөбе, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында 292 көшеге атау беріліп, 87 көше қайта аталды. Бұл туралы облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы хабарлады.

"Биыл Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясы атаусыз құрамдас бөліктерге атау беру туралы 95, қайта атау туралы 79, елді мекендерді қайта атау туралы 2, барлығы 176 ұсынысты қарап, оның 155-іне оң қорытынды шығарды", - делінген хабарламада.  

Сондай-ақ,  224 атау республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алды. Қазіргі таңда облыста топонимика кеңістігіндегі қазақ тіліндегі атаулар үлесі - 93 пайыз. 2017 жылмен салыстырғанда облыстағы идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар үлесі екі есеге азайған.

Өзгелердің жаңалығы