Ақтөбе тұрғынынан 22 орама есірткі тәркіленді

29 Шілде 2023, 14:38
819
Бөлісу:
Ақтөбе тұрғынынан 22 орама есірткі тәркіленді
Фото: polisia.kz

Қарасора-2023" ЖПІШ барысында ақтөбелік полицейлер 30 жастағы жергілікті тұрғыннан 22 орама есірткі заттарын тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сараптама нәтижелері бойынша алынған зат жалпы салмағы 16,40 гр болатын а-PVP екені анықталған. 

Ер адам бұл орамаларды Telegram әлеуметтік желісі арқылы интернет-дүкеннен сатып алғанын түсіндірді. Сондай-ақ ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында полиэтилен пакетке оралған, ішінде ұнтақ заты бар 9 орама тәркіленді. Ол зат жалпы салмағы 7,55 гр мефедрон екені анықталды, - делінген хабарламада.

ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адам ҰУИ-ға қамауға алынды. 

Осы баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Өзгелердің жаңалығы