Ақтөбе тұрғыны түрмеге донер ішіне телефон жасырып өткізбек болған

19 Шілде 2023, 10:36
803
Бөлісу:
Ақтөбе тұрғыны түрмеге донер ішіне телефон жасырып өткізбек болған
Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде донер ішіне телефон жасырып, тергеу изоляторына өткізбек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Ақтөбеде ҚАЖ департаментіне қарасты №70 (тергеу изоляторы) мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде донердің ішіне фольгаға мұқият оралған телефонды SIM картасымен бірге тәркіледі.

Мекемеге әкелуге тыйым салынған заттарды 34 жастағы қала тұрғыны А.Ж есімді азамат абақтыда ҚР ҚК-нің 194-бабы бойынша айып тағылған күдікті-айыпталушы досына азық-түлікпен бірге донердің ішіне жасырып, бермек болған.

Азамат А.Ж өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, – дейді №70 мекемесінің бастығы Аман Құлмұхамбетов.

Айта кету керек, аталған тергеу изоляторының режим және күзет бөлімінің қызметкерлерінің қырағылығымен мекемеге келген сәлемдемелерді тексеру барысында биылғы жыл басынан бері 19 телефон тәркіленген болса, өткен 2022 жылы 21 телефон тәркіленіп алынды.

Өзгелердің жаңалығы