"Ақтөбе-Қандыағаш" жолын қайта жаңарту жұмысы қарқынды жүргізілуде

2 Мамыр 2024, 20:28
320
Бөлісу:
"Ақтөбе-Қандыағаш" жолын қайта жаңарту жұмысы қарқынды жүргізілуде
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі

Жыл басынан бері құрылыс нысанында 40 мың тоннадан аса асфальтобетон қоспасы қолданылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 20 мың шақырымға жуық жолды салуға мүмкіндік берді.

2024 жылғы 2 мамырда "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дархан Сақанов пен ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Баяхмет Мақсат "Ақтөбе-Қандыағаш" автомобиль жолының қайта жаңару жұмыстарының барысын тексерді.

Қайта жаңару жұмыстарының жоспары бойынша 96 шақырым автожол жаңартылып, оның ішінде 78 шақырымы Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына дейін төрт жолақты І-Б техникалық санатына ауыстырылады. Ал тағы 18 шақырымы Қандыағаш қаласын айналып өтетін ІІ техникалық санаттағы екі жолақты болып жабдықталмақ.

Сонымен қатар, жоба аясында 18 көпір құрылысын салу, 66 құбыр тарту және осы жол учаскесінде қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымды соғу жоспарланған.

Жобаны құрылысын жүзеге асыру үшін теміржол арқылы инертті материалдарды жеткізу мәселесі айтарлықтай кедергі тудыруда.

Аталмыш жол учаскесіндегі қайта жаңару жұмыстары Ақтөбе және Атырау облыстары арасындағы көлік логистикасын жақсартуға, жолдың техникалық параметрлерін оңтайландыруға, жол жүру уақытын қысқартуға және оның өткізу қабілетін арттыруға әкеледі. 

Жаңа автожол аймақтың дамуы және қалалар арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз ету үшін маңызды қадамдардың бірі болмақ.

Өзгелердің жаңалығы